Меню
Алматы, Қазақстан
17-21 Қараша
Asanali Ashimov

Асанали Ашимов

Құрметті фестиваль қонақтары! Қадірменді қатысушылар!


Менің екі өмірім бар. Біреуі - өз өмірім, екіншісі - өнерім. Оның ішінде осыдан 60 жыл бұрын басталған кино өмірім әлі де өз жалғасын тауып келеді. Шакен Айманов секілді ұлы тұлғалар бастаған қазақ киносының тарихы осы өмірімнің біртұтас бөлшегі. Сондықтан да, менің бірден-бір адамгершілік міндетім – бүгінгі жас ұрпаққа сол тарихты таныстырып, ұлыларды марапаттау, халыққа уағыздау...

Алғашында «Шәкен жұлдыздары» деген атпен танымал болған бұл кинокөрме осымен 14-ші рет ұйымдастырылғалы отыр. Осы жылдан бастап жаңа кейіпке бөленіп, жаңа өмір бастап, жаңа деңгейге шығып отыр.

Сол себепті, барша қазақ халқын, кино сүйер қауымды, жалпы көрермендерді бізді қолдап, 14-ші халықаралық Шәкен Айманов фестивалінің құрметті қонағы болуға шақырамын.

Жақсы кинода жолыққанша...
Asanali Ashimov

Арыстанбек Мухамедиұлы

Құрметті 14-ші халықаралық Шакен Айманов кинофестивалінің қатысушылары мен қонақтары, фестивалімізге қош келдіңіздер!


Сіздер үшін құшағымыз әрқашан ашық. Бұған дейін «Шәкен жұлдыздары» деген атпен танымал болып келген бұл кинофестиваль биыл сіздерді жаңа үлгіде, жаңа атаумен қарсы алады. Бұл кинофестиваль бұрынғыдан ерекше. Өйткені, енді ол түбі бір түркі тілдес халықтарының киносына жіті назар аударып, осылайша түркі елдері киногерлерінің басын Орталық Азия жүрегі -Қазақстанда қосуды мақсат етеді.

14-ші халықаралық Шакен Айманов кинофестивалі аясында әлемдік деңгейдегі жаңа туындылар көрсетілетініне, қазақ киносының болашағы мен даму көкжиегін айқындайтын жаңа мүмкіндіктердің ашылатынына, сонымен қатар, кино саласының майталмандары және сүйікті актерлармен кездесулер ұйымдастырылатынына сенімім мол.

Жаңа кино туындыларды асыға күтеміз. Кинофестивальдің барлық қонақтарына, қатысушылар мен көрермендерге шығармашылық табыс пен жемісті ынтымақтастық тілейміз!
Yermek Tursunov

Ермек Тұрсынов

Қымбатты достар!


Кино - бұл синтетикалық өнер. Менің айтпағым, киноның өң бойында театр, музыка, балет, қылқалам, мүсін, фотосурет, тіпті сәулет өнерлерінің элементтері жинақталып, біте қайнасып жатады. Сонымен бірге, кинематограф - ең жас өнер. Оның тарихын театр өнерімен салыстыруға келмейді. Дегенмен де, киноның көп нәрсенің басын біріктіріп, біртұтас етіп көрсете алатын керемет қасиеті бар. Кино тілі баршаға түсінікті, ол расында да шекара дегенді білмейді.

Қандай да бір кинофестиваль - бұл ең алдымен көрсетілім. Өнерге, жаңалыққа жаны асық жандар келіп, ең үздік туындылармен таныса алатын өзіндік бір көрме. Көзі ашық, көкірегі ояу адам нағыз өнер қандай да бір сайыс, жарыс деген ұғымдардан тыс жатқанын біледі. Өздеріңіз ойлап қараңыздаршы, біреудің көркемдік қиялы жақсырақ, ал біреудің дүниетанымы мазмұндырақ деп айтуға бола ма? Мұның барлығы субъективті дүние.

Міне, дәл сол себепті, кинофестивальға атсалысқандардың арасында жеңілгендер болмайды. Мұнда қатысушылар да, фестивальді ұйымдастырушылар да, көрермендерде келіп - көріп, жаңа дүниелермен танысып, жан сарайын кеңейтіп, ойына ой қосып, табысқа кенеледі десек, жаңылмаймыз.

Сол себепті де, біздің фестивальға келіңіздер! Бізбен-бірге болыңыздар!

 «ҚҰЛАГЕР» ҰЛТТЫҚ  ЖҮЛДЕСІ

ҚҰЛАГЕР ТУРАЛЫ

Қазақстан киногерлер Одағының «Құлагер» ұлттық кинематографиялық жүлдесі 2007 жылдың 30-шы қарашасында қабылданған. «Құлагер» ұлттық кинематографиялық жүлдесімен марапаттау салтанаты жыл сайын жаңа жыл қарсаңында Кино Үйінде өтеді.Жыл сайынғы «Құлагер» ұлттық кинематографиялық жүлдесінің құрылтайшысы - Қазақстанның киногерлер Одағы. Бұл  жүлдені құрудағы мақсат — Қазақстан Республикасындағы ұлттық кинематография саласының сапалы даму деңгейін бақылау және бағалап отыру. Фильм түсіретін мемлекеттік және тәуелсіз студиялардың, сонымен қатар бірлесіп түсірілген (мемлекеттік және тәуелсіз студиялар) киноөнімдердің сапа деңгейіне сараптама жасау үшін Қазақстан киногерлер Одағының жанында Сараптама комиссисы құрылған.

Іс-шаралар кестесі
СЕРІКТЕСТЕР
Arba wine
Kinopark 11 Esentai
Kinoplex Sary Arka
Bekmambetov cinema
Vip transport
Fellini
Technodom.kz
Sulpak
Sulpak Cinema
Esentai Mall
Отель
Issyk
Spirit bar
парк Кок-тобе
Чайкофский
Abay Kazakh restaurant
АҚПАРАТТЫҚ СЕРІКТЕСТЕР
Хабар
Nur media
El Arna
24.kz
Kazakh TV
Almaty TV
Astana TV
Qazakhstan
31
Radio NS
Aiqyn
Литер
Turkistan
Antenna
Kp.kz
Nur TV
El.kz
Kazinform.kz
Бродвей.кз
Baribar.kz
Vosmerka.kz
Oner.kz
Kinostan
Optimizm.kz

Copyright © 2018 - Aimanov IFF All Rights Reserved